ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 тамыз 2018 09:40
Алматы орталығында өрт шықты
Жексенбіде, 19 тамызда кешкі уақытта Алматының Марков пен Попов көшелерінің қиылысында (Бостандық ауданы) жекеменшік үй өртенді. Куәгерлер өртті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов Tengrinews.kz тілшісіне айтуынша, тұрғындары жоқ бір қабатты үйдің шатыры өртенген. Өрт аумағы - 100 шаршы метр.
"Өрт 20:30-да ауыздықталып, 20:40-та толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт сөндіруге 18 маман мен 4 арнайы техника жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу