Алматы орталығында ток ұрған ер адамның жағдайы белгілі болды

Алматы орталығында ток ұрған ер адамның жағдайы белгілі болды © Facebook/Индира Хаметчина

Д?рігерлер Алматыда ток со??ан ер адамны? жа?дайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлер Алматыда ток соққан ер адамның жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр. Бөлімшеде барлық мамандандырылған кешенді емдеу шаралары (инфузиялық терапия, антибактериялық терапия, мазь препараттарымен таңу) жасалып жатыр. Науқастың жағдайы жақсарып келеді", - дейді дәрігерлер. 

Науқас қалалық клиникалық № 4 ауруханада "II деңгейлі электртравма, термикалық күйіп қалу" диагнозымен күйіп қалғандар бөлімінде жатыр. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 11 қазанда Алматы орталығында ер адамды ток ұрған еді. Оқиға Гоголь көшесінің бойында болды. 

"Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан уақытта жұмысшыны ток ұрды. "Қазіргі уақытта жедел жәрдем көлігі оны №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Болжаммен оған "электртравма" диагнозы қойылған. Жағдайы ауыр", - деді Алматы қалалық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама