Алматы орталығында түнгі уақытта болған жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсірген

Алматы орталығында түнгі уақытта болған жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсірген Видеодан кадр

Алматы орталығында түнгі уақытта болған жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы тұрғыны Гүлжан Қалиеваның сөзінше, төбелес Байтұрсынов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында түнгі 3-те болды. 

"Басында көліктер соқтығысқандай дыбыс естілді. Сосын әйел адамның айғайы естілді. Бұл жарты сағатқа созылды. Сосын ер адамдар бір-бірімен төбелесе бастады. Ол жерде жиыны 15 адамдай, оның ішінде ерлер, әйелдер, тіпті балалар да бар. Қатты айғайлады", - дейді куәгер.

Оның айтуынша, біраз уақыттан кейін оқиға орнына полиция көліктері мен жедел жәрдем келіп жеткен. Әзірше зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Жарнама
Жарнама

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама