Алматы полицейлері "Прайм Плаза" сауда және ойын-сауық орталығынан жарылғыш зат іздеп жатыр

© Денис Стрелков

"Прайм Плаза" сауда және ойын-сауық орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда және ойын-сауық орталығының келушілері мен қызметкерлері эвакуацияланды. Жарылғыш затты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ғимарат қоршауға алынды. Оқиға орнына қалалық жедел қызмет өкілдері келіп жетті.

Оқиға орнынан. ©Tengrinews.kz

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 19 тамызда белгісіз біреу Алматыдағы "Променад" сауда орталығында жарылғыш зат бар деп хабарлаған болатын. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері хабарламадан кейін "Променад" сауда орталығын қоршауға алды. 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама