ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 қаңтар 2019 10:26
Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды
Алматы облысында 15 автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала болжамға сәйкес, жол-көлік оқиғасы Алматы - Өскемен тасжолының (Алматы - Қапшағай) 20-шақырымында болған. Солтүстік бағытта жол апаты болу себебінен, кептеліс орнады.
"Оқиға орнында полицейлер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", - деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу