ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 ақпан 2018 14:29
Алматы - Қапшағай тасжолында жүк көліктері соқтығысты: Бір адам қаза тапты
Алматы - Қапшағай тасжолының 34-шақырымында жүк көліктері соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, цемент таситын көлік Қапшағай қаласына қарай кетіп бара жатқан. Белгісіз себептермен ол бар жылдамдығымен жол бойында тоқтап тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан миксердің салонында болған жолаушы жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты. Ал жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға болған жер қоршауға алынған. Жол апатының мән-жайын полицейлер анықтайтын болады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу