Алматы-Қаскелең тасжолында болған жол апатынан полицей қаза тапты

© Yvision

Алматы-?аскеле? тасжолында 40 жаста?ы полицей жол апаты салдарынан ?аза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы-Қаскелең тасжолында 40 жастағы полицей жол апаты салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін Алматы-Қаскелең тасжолының 22 шақырымында болған.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. "Оқиға орнында Қарасай ауданының АІІБ-нің 40 жастағы майоры қайтыс болды. Жол шетінде тұрған ВАЗ 21214 маркалы қызметтік көлікке Suzuki соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша 24 жастағы жүргізуші көлікті игере алмай қалған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

 

Полицейлердің мәліметі бойынша, ЖКО кезінде қызметтік көлік салонында 48 жастағы әйел болған, ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама