ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 қазан 2017 08:56
Алматы түбінде өлі табылған қыздың неден қаза тапқаны анықталды
27 қазанға қараған түні Қапшағай тасжолының 19-шы шақырымында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Белгісіз маркалы автомобиль жүргізушісі жарықтандырылмаған жерде қыз баланы қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Кейінірек жол үстінде жатқан қызды Mercedes жүргізушісі тағы да қаққан. Неміс көлігінің иесі тоқтаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны ұстаған.
Қайтыс болған қыздың жасы анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, қыз мас күйде болған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу