Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді

Скриншот some.kz сайтынан

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жерасты дүмпуі Астана уақытымен 11.25-те болды. Жер сілкінісі туралы ақпаратты ТЖД растады. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің мәліметтері бойынша, тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 31 шақырымда анықталды. Магнитудасы - 4,7, жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болды. Алматыда оның күші 2-3 балл түрінде сезілді.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәлімдеуінше, жер сілкінісінің магнитудасы - 3,9, ал тереңдігі - бір шақырым.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 26 қараша күні түнде Алматыға жақын маңда жер сілкінген еді. Жер сілкінісінің энергетикалық күші - 8,6. Магнитудасы - 4,2. Жерасты дүмпуінің ошағы - 10 шақырым. Оңтүстік астанада екі балдық жер сілкінісі сезілді. Эпицентрінің Алматыдан 12 шақырым жерде болғаны хабарланды.

 

 

 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама