Алматыда 18 жастағы студент қыз босанған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

© ont.by

Алматыда 18 жаста?ы студент ?ыз босан?ан н?рестесін ?о?ыс ж?шігіне тастап кеткен. Тастанды с?биді та??ы уа?ытта ?алада?ы жо?ары о?у орындарыны? біріні? жата?ханасы ма?ынан ?тіп бара жат?ан адам к?ріп ?ал?ан, - деп хабарлайды patrul.kz.

Алматыда 18 жастағы студент қыз босанған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Тастанды сәбиді таңғы уақытта қаладағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасы маңынан өтіп бара жатқан адам көріп қалған, - деп хабарлайды patrul.kz.

Басылымның мәліметінше, сәби шамамен таңғы сағат алтыда Байтұрсынов көшесінде Төле би мен Қарасай батыр көшелерінің арасынан табылған. Өтіп бара жатқан адам полицейлер мен жедел жәрдемді шақырған. Дәрігерлер жаңа туған сәбиді ауруханаға жеткізген.

Бірнеше сағаттан кейін полиция қызметкерлері сәбидің анасын жақын маңдағы жатақханадан тапты. Ол Қызылорда облысының тумасы болып шықты, Алматыдағы ЖОО-лардың бірінде 2-курста оқиды екен. Қыз ауыр жағдайда болғандықтан, оған медициналық көмек қажет болған. Содан ол жақын маңдағы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша, ол сәбиді жатақхана бөлмесінде өзі босанған.

Реклама
Реклама

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер сәбиді аман алып қалу үшін барын салған. Алайда, өкінішке қарай, сәбидің өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған. Жаңа туған сәби қатты әлсіреп, ауруханаға жеткізілген соң көз жұмған. 

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама