Алматыда 22 жастағы жігіт қымбат фотоаппаратымен жоғалып кетті

Алматыда 22 жастағы жігіт қымбат фотоаппаратымен жоғалып кетті Ханапия Қосылбеков © newtimes.kz

Алматыда анасы баласын іздеп жат?анына т?рт к?н ?тті. 22 жаста?ы Ханапия ?осылбеков 16 ?азанда жо?ал?ан. Жігіт т?стен кейінгі уа?ытта CANON фотоаппаратымен кетіп, содан бері оралма?ан. Б?л туралы "NewTimes.kz" а?парат агенттігі хабарлады.

Алматыда анасы баласын іздеп жатқанына төрт күн өтті. 22 жастағы Ханапия Қосылбеков 16 қазанда жоғалған. Жігіт түстен кейінгі уақытта CANON фотоаппаратымен кетіп, содан бері оралмаған. Бұл туралы "NewTimes.kz" ақпарат агенттігі хабарлады.

"Ол - жалғызым! Екеуміз ғанамыз! Маған көмек керек, оны 16 қазаннан бері көрмедім, қайда екенін білмеймін. Бүйрегі ауырады, көру қабілетін минус 5. Оның қолында қымбат фотоаппарат бар еді, сол үшін баламды біреу-міреу бәлеге ұшырата ма деп қорқып отырмын. Мен полицияға хабарластым, бірақ олар әлі де ештеңе тексермеген!", - дейді жігіттің анасы Гүлбану Қосылбекова зар илеп.

Баласын іздеген әйел көрген-білген біреу болса 8701263040 немесе 87078095928 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама