Алматыда 39 жастағы әйел 7-қабаттың балконынан секіріп кетті

© Тұрар Қазанғапов

Алматыда 39 жаста?ы ?йел 7-?абатты? балконынан секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 39 жастағы әйел 7-қабаттың балконынан секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, анасы қызының жоғалып кеткені жайлы хабарлаған. Бұл дерек Алмалы ауданының ІІБ-не тіркеліп, бірден іздестіру жұмыстары жүргізілген.

"Бірнеше сағаттан соң Брусиловский көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан әйел адамның денесі табылған. Денесінде зорлы белгілері жоқ. Видеобақылау камераларындағы кадрларға қарағанда әйел үйдің кіреберісіне кіріп, лифтке отырған. Кейін 7-қабаттың балконынан секіріп кеткен", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, полициядағылар бұл деректің Алмалы аудандық ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелгенін хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр.


© Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама