Алматыда Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында болған ірі жол апатына ІІД түсінік берді

Алматы ?алалы? ІІІД ?кілдері Алматыда?ы Абай да??ылы мен Сайын к?шесінде ж?к к?лігімен бол?ан жол апатына ?атысты т?сінік берді. Алматы ?алалы? ІІД ресми ?кілі Салтанат ?зірбек Tengrinews.kz тілшісіне полиция ?ызметкерлеріні? ?азіргі уа?ытта бол?ан о?и?амен айналысып, ж?к к?лігіні? аударылу себебін зерттеп жат?анын айтты.

Алматы қалалық ІІІД өкілдері Алматыдағы Абай даңғылы мен Сайын көшесінде жүк көлігімен болған жол апатына қатысты түсінік берді. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне полиция қызметкерлерінің қазіргі уақытта болған оқиғамен айналысып, жүк көлігінің аударылу себебін зерттеп жатқанын айтты.

"Бұл істі Әуезов аудандық ІІБ қызметкерлері өндіріске алды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде автотехникалық тексерістер бар. Соның нәтижесінде жол-көлік апатының себебі анықталатын болады. Сараптаманың қорытындысы бойынша қажетті шешім қабылданады", - деді Салтанат Әзірбек. ІІД мәліметінше, жекеменшік қытайлық Shagman жүк көлігінің тізгінінде 1992 жылғы азамат отырған. Айта кетейік, ол азаматтан да жауап алынады. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше, 4 қазанда Алматыдағы Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында ірі жол апаты болды. Жүк тиелген "КамАЗ" аударылып, жеңіл көліктерге тиген. Жол апаты болған орынды жол қозғалысы тоқтады. Үлкен кептеліс пайда болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің бар-жоғы анықталу үстінде.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама