Алматыда "Айнабұлақ" шипажайының маңында лай көшкіні жүрді

© "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі

Алматыда таңғы уақытта "Айнабұлақ" шипажайының маңындағы автожолда лай көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазселденқорғау" Мемлекеттік мекемесінің басшысы Самат Дәуленқановқа сілтеме жасап.

Лай көшкіні туралы мәлімет қалалық ТЖД кезекші бөліміне 05:45-те түскен. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мамандары оқиға орнына жеткен уақытта, 50 текше метр топырақтың опырылғанын көрген. Соның салдарынан газ құбыры және екі электр бағаны бүлініген. 

Бірнеше уақыт бойы Алмалы көшесі толығымен жабық болды, топырақты тазалағаннан кейін, жол қайта ашылды. 

Реклама
Реклама

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Топырақты тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама