Алматыда айырбастау пунктінің басшысы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алматыда айырбастау пунктінің басшысы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті Пархат Зурдинов

Алматыда Т?рксіб ауданында?ы "Маяк" айырбастау пунктіні? басшысы Пархат Зурдинов жо?алып кетті. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ер адамны? ?пкесі Халида Юлдашева хабарлады.

Алматыда Түрксіб ауданындағы "Маяк" айырбастау пунктінің басшысы Пархат Зурдинов жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ер адамның әпкесі Халида Юлдашева хабарлады.

Әйелдің айтуынша, ағасы 20 желтоқсанда үйден (Серпуховская көшесі, 38) жұмысқа қарай шығып кетіп, сол бойы оралмаған. Сондай-ақ, ол сол күні көлігі бола тұра, таксимен кеткен екен. Айта кетейік, ер адамның әйелі мен төрт баласы бар.

"Ағамды сол күні Қордайда көріпті. Видеокамерадан оның қорқып тұрғаны көрінеді. Біреулер қысым көрсетіп жатқандай. Ол онда өзі кете алмайтын еді. Оның мұнда отбасы бар, айырбастау пунктінің  басшысы болып қызмет істейді", - деді әйел.

Реклама
Реклама

Пархат Зурдиновтың туыстары бірден полицейлерге арыз жазған, бірақ әзірше ешқандай да нәтиже жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама