Алматыда ассенизатор көлігі ер адамды қағып, мерт қылды

Алматыда ассенизатор көлігі ер адамды қағып, мерт қылды © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда ассенизатор көлігі ер адамды қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға Солтүстік айналма жолында Қарасу көпіріне жетпей болған. 

Mercedes маркалы тазартқыш көлігі солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Жүргізушінің айтуынша, ер адам жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпекші болған. Ол соқтығысудың алдын алмақшы болып, дөңгелегімен бордюрге соғысып, бәрібір де ер адамды қағып кеткен. 

Жарнама
Жарнама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1939 жылғы ер адам алған жарақатынан қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. 


©  "Территория происшествий" бағдарламасы

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама