Алматыда Әуезов театрының маңында 40 адам ұсталды

Алматыда Әуезов театрының маңында 40 адам ұсталды Әуезов атындағы театр. Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театры маңында жаппай төбелеске жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, жаппай төбелесуге жиналғандар футбол жанкүйерлері болуы мүмкін. Олардың  бүгін, 28 қыркүйек күні сағат 18.00-де Орталық стадионда өтетін "Қайрат" және "Ақтөбе" командалары арасындағы матчқа келуі ықтимал. 

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер бар. 

Реклама
Реклама

"Жол-патруль полициясы қызметкерлері жаппай төбелестің жолын кесті. Әуезов атындағы театрдың жанына 40-қа жуық адам жиналған, жағдайды одан әрі анықтау үшін олардың бәрі аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді", - деді Әзірбек. 

Оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланатын болады.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама