Алматыда автобус асқан жылдамдықпен жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда автобус ас?ан жылдамды?пен жаяу ж?ргіншіні ?а?ып, мерт ?ылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда автобус асқан жылдамдықпен жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Халиуллин көшесінің бойында Қабылов көшесімен қиылысқан жерде болған. Куәгерлердің айтуынша, № 54 автобус Халиуллин көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде жаяу жүргіншіге рұқсат берілген жолда ер адам өтіп бара жатқан. Төтенше жағдайдың куәгері болған адамдардың айтуынша, автобус ер адамды қағып, 10-15 метрге сүйреген, тек сосын тоқтаған. 

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Реклама
Реклама


"Территория происшествий" бағдарламасы

Автобустың жүргізушісі ұсталды. 39 жастағы ер адам автобусты жүргізген уақытта ішімдік немесе психотроп заттарын қолданбағаны анықталып отыр. Мұны сараптама қорытындысы растаған.

Осы жол апатына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Олар жүргізушінің кінәсінің деңгейін анықтап, осы іс бойынша процессуалдық шешім шығаратын болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама