Алматыда автобус балалы әйелді қағып кете жаздады

Алматыда автобус балалы әйелді қағып кете жаздады © Youtube

Алматы полициясы автобус жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 желтоқсанда Instagram әлеуметтік желісіндегі instavideo_kaz парақшасында жарияланған видеодан автобустың қарсы бағытқа шығып кеткенін көруге болады. Болжам бойынша, жүргізуші қарсы бағытқа шығу арқылы алдындағы автобусты басып өтпек болған. Бағдаршамның қызыл түсі жанғанын күтпестен автобус көшелердің қиылысын кесіп өтпек болды, ол осы кезде балалы жолаушыны басып кете жаздады.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews.kz видеоны Ішкі істер департаментіне жолдады. "Жол ережесінің бұзылғаны көрініп тұр. Шара қолданамыз", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама