Алматыда автобус қағып кеткен келіншек мұғалім болған

Алматыда автобус ?а?ып кеткен ?ызды? туысы мар??м жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Туысыны? айтуынша, келіншек педагог бол?ан. Ол бар бол?аны 23 жаста екен. Айта кетейік, б?гін ?уезов ауданды? сотында айыптал?ан ж?ргізушіге ?атысты сот басталды. 

Алматыда автобус қағып кеткен қыздың туысы марқұм жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Туысының айтуынша, келіншек педагог болған. Ол бар болғаны 23 жаста екен. Айта кетейік, бүгін Әуезов аудандық сотында айыпталған жүргізушіге қатысты сот басталды. 

"Ол балаларды қайта қалпына келтіру және дамыту орталығында жұмыс істеді. Ол психолог-педагог. Ол күн сайын осы жолмен жүретін. Үйінен жұмысына 10 минутта жететін. Ол қызыл түс жанып тұрғанда жүріп кетті деп ойламаймын. Өте мұқият адам еді", - деді марқұмның туысы сотта.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 18 сәуірде Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында сағат таңғы сегізде болған. 24 жастағы қызды жолдан өте бергенде асқан жылдамдықпен келе жатқан автобус қағып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама