Алматыда автобус қақпаны соғып, газ құбырын қиратты

Алматыда №45 автобус ?а?паны ?иратып ?тіп, газ ??бырына со?ылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда №45 автобус қақпаны қиратып өтіп, газ құбырына соғылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Тілшінің хабарына қарағанда, жол-көлік оқиғасы Айгерім-1 ықшамауданында Сағи Әшімов көшесінде болған. Автобус солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. 

Жүргізушінің айтуынша, көрші көшеден жүк көлігі атып шығып, автобус жүргізушісі одан жалтару үшін тізгінде дереу солға бұрып жіберген. Сөйтіп, қоғамдық көлік қоршаудан шығып, қақпаны қиратып өткен де газ құбырына соңылған. Газ шығып, оқиға орнына апат қызметі шақыртылған. Автобуста жолаушылар болмаған. Оқиғадан, абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Реклама
Реклама


Суреттер "Территория происшествий" бағдарламасынан

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама