Алматыда 304-бағыттағы автобус көшедегі жарық шамдары бағанына соғылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол апаты Сүйінбай даңғылы бойымен Богдан Хмельницкий көшесінен төмен жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан 15 адам зардап шегіп, олардың біреуі ауыр халде жатыр. Жолаушылардың айтуынша, жүргізуші рульде отырып ұйықтап кеткен, соның салдарынан автобус бағанға барып соғылған.