Алматыда автобус жүргізушілері төбелесті

Алматыда автобус жүргізушілері төбелесті

Алматыда автобус жүргізушілерінің арасында төбелес болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Автобус жүргізушілерінің арасындағы төбелес әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында болған. Тілшінің айтуынша, аялдамада автобус жүргізушілерінің бірі екінші автобус жүргізушісінің жолын кесіп кеткен. Кейіннен олар бағдаршамда тұрғанда №127 бағыттағы автобус жүргізушісі №63 бағыттағы автобустың есігіне жақындап, жүргізушімен ұрысып, бірнеше рет ұрмақ болған.

Жарнама
Жарнама

Осыдан кейін автобус жүргізушілерінің арасында төбелес басталған. Содан №63 бағыттағы автобустың жүргізушісіне жолаушылар көмекке келген. Алайда төбелес ұзаққа созылмай, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда автобустар ары қарай кете берген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама