Алматыда автокөлік букмекер кеңсесіне соғылды

©"Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда BMW автокөлігі ғимаратқа соғылып, жанып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға бүгін, 18 наурызда сағат 06.00 шамасында болды.

Бағдарлама тілшісінің мәліметінше, Ақан сері көшесімен батысқа қарай бет алған автокөлік жол беруді ескертетін белгіге қарамастан, Сейфуллин даңғылынан көше қиылысына қарай өте шыққан. Сөйтіп, рульге ие бола алмаған жүргізуші букмекерлік кеңсенің ғимаратына соғылды. 

Букмекерлік кеңсеге соғылған көлік өртене бастады. Ал оның жүргізушісі жанып жатқан көліктен шығып үлгеріп қана қоймай, оқиға орнынан қашып та кетті.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы салдарынан шыққан өртті ауыздықтауға өртке қарсы қызметтің бір жасағы келді, ал жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған жүргізуші туралы әзірше ешқандай мәлімет жоқ. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама