Алматыда бағдаршамның жасыл түсіне келе жатқан екі көлік соғысты

Алматыда екі к?лік со?ысып ?алды. Екі к?лікті? ж?ргізушісі ба?даршамны? жасыл т?сінде ?оз?ал?анын айтып отыр, - деп хабарлайды СТВ телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда екі көлік соғысып қалды. Екі көліктің жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсінде қозғалғанын айтып отыр, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Әуезов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Mercedes жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Ал Honda Odyssey жүргізушісі Әуезов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Бір кезде екі көлік көше қиылысында қалай шығып кеткендерін байқамай қалған. Осылайша екі көлік соғысып қалған. Алған соққыдан Mercedes көлігі бағдаршам жаққа қарай ұшып кеткен.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Mercedes тізгінін басқарған қыз бен Honda Odyssey жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жүргендерін айтады. Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама