Алматыда байкер мен автомобильдің соқтығысқан сәті мотоциклшінің шлеміндегі камераға түсіп қалды

Алматыда байкер мен автомобильдің соқтығысқан сәті мотоциклшінің шлеміндегі камераға түсіп қалды © YouTube

Алматылық байкердің авомобильмен соқтығысқаннан кейінгі "ұшып" кеткен сәті мотоциклшінің шлеміне қыстырылған камераға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews TV.

Видеодан мотоциклшінің көшелердің бірімен түзу келе жатқанын көруге болады. Күтпеген жерден оның алдынан Volkswagen Passat автомобилі шыға келді. Арқасымен құлаған байкер авомобиль жүргізушісінің айқайын естиді. Соққыдан Wolksvagen Passat көлігіне зақым келді.

<video controls="controls" width="550" height="315"></video></p>

Еске сала кетейік, маусым айында Ақтауда мотоцикл мен жылқы соқтығысып қалған болатын. Оқиға Ақтаудың әуежайына апаратын жолда болған. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті.

 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама