ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 тамыз 2018 17:05
Алматыда "Байсат" базарынан өрт шықты
Алматыда "Байсат" базарынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өрт жайлы хабар сағат 16.26-да түскен.
"Северное Кольцо, 7, Жетісу ауданы, "Байсат" базарында контейнердің өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан соң келді - сағат 16.33-те. Олар өртті 15 минут ішінде сөндірді. Сағат 16.48-де өрт ауыздықталды", - деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова
Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу