Алматыда балалы әйелді қағып кете жаздаған автобус жүргізушісі жазаланды

Видеодан алынған кадрлар

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзып, балалы әйелді қағып кете жаздаған автобус жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Видеоны Интернетке куәгерлер жариялады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көліктің жеке автопарктердің біріне тиесілі екені және жүргізушінің 38 жаста екені анықталды. Ол №56 бағыттағы автобусты басқарған. Оқиға 10 желтоқсан күні Әуезов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болды. ІІД мәліметінше, жүргізуші бірден үш ережені бұзған - жолдың қарсы бағытына шыққан, жаяу жүрушілерге жол бермеген, яғни балалы әйелге және бағдаршамның жүруге тыйым салған белгісіне қарамастан, көшелердің қиылысынан өтіп кеткен.

Реклама
Реклама

"Осы құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ал жүргізуші заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Еркін Өтегенов. Сонымен қатар, Алматы ІІД мәліметінше, қалада қоғамдық көліктерді бақылау күшейтілді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама