Алматыда баласын далада қалдырып кеткен әйел табылды

Алматыда баласын далада қалдырып кеткен әйел табылды © patrul.kz

Алматы полицейлері ?зіні? бір жасар баласын к?шеге тастап кеткен ?йелді іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полицейлері өзінің бір жасар баласын көшеге тастап кеткен әйелді іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ІІД мәліметінше, Алматы облысының тұрғыны фермерлік шаруашылықтағы жұмысына асығып бара жатқандықтан баланы көшеде қалдырып кеткен. Сондай-ақ, әйелдің мас күйде болғаны айтылады.

"Әйел спирттік ішімдіктерге әуес, дұрыс емес өмір салтын жүргізеді. Бала әлі бір жасқа да толмаған. 11 айлық", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Реклама
Реклама

ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы бойынша ("Қауiптi жағдайда қалдыру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта әйелге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар, оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылады.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұл бала қазіргі уақытта № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Бала ауруханаға түскен кезде ешқандай дене жарақаттары анықталмады.

"Баланың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. I деңгейлі анемия, экссудативті-катаралды диатез деген диагноз қойылды. Баланы емдеуге барлық қажетті дәрігерлер жұмылды", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама