Алматыда бірдей нөмір таққан екі көлік видеоға түсіп қалды

Алматыда бірдей нөмір таққан екі көлік видеоға түсіп қалды © youtube.com/Forest Gump

Tengrinews.kz порталыны? о?ырманы редакция?а хабарласып, ?зіні? видеотіркеу ??рыл?ысына ?ш ай ?ткен уа?ытта KZ160AST н?мірімен екі т?рлі к?лікті? ж?ргенін хабарлады. Екі к?лік те жол ?оз?алысы ережесін бірдей б?з?ан: жолды? ?арсы бетіне шы?ып кетіп ?оз?алысты жал?астыру.  

Tengrinews.kz порталының оқырманы редакцияға хабарласып, өзінің видеотіркеу құрылғысына үш ай өткен уақытта KZ160AST нөмірімен екі түрлі көліктің жүргенін хабарлады. Екі көлік те жол қозғалысы ережесін бірдей бұзған: жолдың қарсы бетіне шығып кетіп қозғалысты жалғастыру.  

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы дерек бойынша айналысып көрер дейді ер адам. 

Дәйек ретінде ер адам екі видео жіберген. Екеуі де Алматының Құлжа тасжолында түсірілген. Бірінші ролик - қыркүйекте, екіншісі осы жылдың желтоқсанында түсіріліпті. 

Жарнама
Жарнама


Құқық қорғау органдары әзірше осы жағдай бойынша пікір білдірген жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама