Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды Куәгер жолдаған сурет

Алматыда үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгердің ақпаратына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы шамамен сағат 16.50-де Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында болды. Куәгердің айтуынша, такси мен Nissan Patrol автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Қатты соққыдан жол талғамайтын көлік Toyota Camry темір тұлпарына барып соғылды. Алдын ала мәлімет бойынша, такси жүргізушісі мен жолаушы әйел зардап шекті.

Реклама
Реклама

Куәгердің ақпараты бойынша, такси жүргізушісі рұқсат етілмеген жерде жолдан жүгіріп өткен жаяу жүргіншінің кесірінен жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.


Куәгер жолдаған сурет.

Оқиға орнында дәрігерлер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама