Алматыда BMW жүргізушісі бағананы қиратып, қабырғаны соқты

Алматыда BMW жүргізушісі бағананы қиратып, қабырғаны соқты © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда BMW ж?ргізушісі ба?ананы ?иратып, ?абыр?а?а со?ты?ысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда BMW жүргізушісі бағананы қиратып, қабырғаға соқтығысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты әл-Фараби даңғылының бойында болды. BMW жүргізушісінің айтуынша, ол даңғыл бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатып, ортаңғы жолақтан шеткіге ауысайын деп ойлаған. Осы кезде ол маневр жасаймын дегенде қатты жылдамдықпен келе жатқан мотоциклді көрген. Оның айтуынша, соқтығысудан қашамын деп, ол дереу оңға бұрып жіберген, алайда басқаруды игере алмай қалған. 

Автокөлік жолдың шетіне шығып кетіп, бірінші бағананы қиратып, артынша қабырғаға соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.

Жарнама
Жарнама


"Территория происшествий" бағдарламасы

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама