Алматыда болған атыстың мән-жайы анықталды

Оқиға орны. Куәгерлер жіберген сурет

Алматыда болған атыстың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы полицейлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде қарақшылық шабуылдың жолы кесілді. Тергеу мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысының екі тумасы кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасамақшы болған. Олардың жолын полицейлердің көлігі жапты, алайда олар полицейлерге қарсылық танытып, оқ жаудыра бастады.

"Операция барысында қылмыскерлердің біріне оқ тиіп, қаза болды. Ал екіншісі ұсталды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қарақшылардың көлігінен карабин, револьвер мен травматикалық тапанша табылды. Қару-жарақ сараптамаға жіберілді. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай реестрге ҚР ҚК 24-бабы 3 бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қарақшылық шабуыл жасады делінген күдіктілердің полицейлерге оқ атқаны хабарланған болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама