Алматыда денесі бөлшектелген марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалған

© КТК

Алматыны? ?а? ортасынан кесілген басы мен ?олы табыл?ан азаматты? артында ая?ы ауыр ж?байы ?ал?ан, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. ?азір келіншекті? іштегі баласы т?рт айлы?. Ал 25 жасына бір ай ?ана жетпеген мар??м б?гін жерленді.

Алматының қақ ортасынан кесілген басы мен қолы табылған азаматтың артында аяғы ауыр жұбайы қалған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қазір келіншектің іштегі баласы төрт айлық. Ал 25 жасына бір ай ғана жетпеген марқұм бүгін жерленді.

Достарының айтуынша, мерт болған жігіт жақында ғана Алматыдағы беделді оқу орындарының бірін аяқтап, жеке кәсіпкерлікпен айналысуды бастапты. Қайғылы жағдай болатын күні ол әдеттегідей жұмысқа кетіп, кейін телефонын алмай қойған. Келесі күні оның бөлшектенген денесі тұрғынүй ауласындағы қоқыс жәшігінен табылған болатын. Әрбір дене мүшесі жеке-жеке пакеттерге салынып, барлығы бір сөмкеге жиналыпты. Сараптама орталығының мамандары өлім алдында марқұм аяусыз соққыға жығылған дейді. Қанды қылмыс себебін қазір полиция анықтап жатыр. (Дереккөз: КТК)

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама