Алматыда дөнер сататын дәмханада болған өрттің алдын ала себебі айтылды

Алматыда дөнер сататын дәмханада болған өрттің алдын ала себебі айтылды

Алматыда д?нер сататын д?мханада бол?ан ?ртті? алдын ала себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? Т?тенше жа?дайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматыда дөнер сататын дәмханада болған өрттің алдын ала себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Дөнер сататын дәмханада болған өртке апатты жағдайда жұмыс істеп тұрған тоңазытқыш себеп болған", - деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сөндірушілер өртті 10 минутта cөндірген. "2016 жылдың 7 қаңтарында сағат 03:24-те "101" пультіне Алматыдағы Алмалы ауданы, Абай көшесі, 65 үйде орналасқан дөнер сатанын дәмхананың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минуттан соң сағат 03-29-да барған", - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

Реклама
Реклама

"Өртті сөндіру кезінде 16 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт бес минуттан соң сағат 03:37-де сөндіріліп, 2 минуттан соң ауыздықталды. Өрт аумағы 40 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді ТЖД өкілі.

Өртті ауыздықтауға 32 адам жұмылып, Төтенше жағдай департаментінің 8 дана техникасы жұмылдырылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама