ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 маусым 2017 14:00
Алматыда екі автобус ірі жол апатына ұшырады
Алматыда екі автобус ірі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Тобаяқов көшесінде болған.
"Тобаяқовпен шығыс бағытта Сейфуллин көшесінен бастап кептеліс. Екі автобус жолға таласып қалған. Ірі жол апаты болды", - деп хабарлады оқиға орнынан куәгер.
Instagram желісінде жарияланған видеолардың бірінде №17 бағыттағы автобус жол апатына ұшыраған.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу