ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 маусым 2018 09:11
Алматыда екі ірі жол апаты болды: Төрт адам ауруханада жатыр
Кеше Алматы орталы?ында кешкі уа?ытта екі ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.
Кеше Алматы орталығында кешкі уақытта екі ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Бірінші жол апаты Пушкин мен Шевченко көшелерінің қиылысында болған. Volkswagen жүргізушісі "Стоп" белгісін елемей немесе байқамай, қиылысқа шығып кетіп, Nissan Tiida жүргізушісімен соғысып қалған. Салдарынан алты адам зардап шеккен. Олардың төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қалған екеуі ауруханаға жатудан бас тартты.
Екінші жол апаты Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында болған. Mercedes-Benz жүргізушісі бар жылдамдықпен келе жатып, жарнамалық билбордты соғып кеткен. Бірақ, абырой болғанда, жүргізуші аман қалды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу