ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 қазан 2017 18:51
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: Үш адам ауруханаға түсті
Алматыда екі көліктің бетпе-бет соқтығысуына үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Қөксай ауылындағы Қожабеков көшесінде болды. Volksvagen маркалы көлік Қожабеков көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан, ал KIA маркалы автомобиль - солтүстік бағытта. Көліктер бетпе-бет соқтығысты.
Жүргізілушілердің қайсысы жолдың қарсы бетіне шығып кеткені белгісіз. Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті: Volksvagen жүргізушісі және KIA автокөлігінде отырған екі жолаушы қыз.
© "Территория происшествий" бағдарламасы
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу