Алматыда ер адам жол бойында жүк көлігін жөндеймін деп қаза болды

Алматыда ер адам жол бойында жүк көлігін жөндеймін деп қаза болды © "Территория происшествий"

Алматыда же?іл к?лік ж?ргізушісі ж?к к?лігімен со?ысып, н?тижесінде фура ж?ргізушісі ?аза болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі жүк көлігімен соғысып, нәтижесінде фура жүргізушісі қаза болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Райымбек даңғылы бойында батыс бағытта №7 қалалық аурухана мен Алтын Орда аралығында болған.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі сол жақта тұрған. Ал оның жүргізушісі көлікті жөндеп тұрған. Осы сәтте батыс бағытта Volvo көлігі келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жүк көлігіне барып соғысқан.

Реклама
Реклама

Салдарынан жүк көлігі ұшып кетіп, ал жүргізушісі жарақаттар алған. Дәрігерлер оқиға орнына келгенде ер адамның қаза болғанын анықтаған. Volvo жүргізушісі де жол апатынан зардап шеккен. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама