Алматыда "Эвелина" дәмханасы өртенді

Алматыда "Эвелина" дәмханасы өртенді © Youtube / Jacky

Алматыда "Эвелина" дәмханасы өртенді, ол қаланың Түрксіб ауданында орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосын редакциямызға куәгер жолдады. Роликтен шарпыған қызыл жалынды және қара қою түтінді көруге болады. Ғимараттың жан-жағына тұрғын үйлер тығыз орналасқан. Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, дәмхана қонақтары мен қызметкерлері эвакуацияланды.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Алматы ТЖД мамандарының хабарлауынша, "Жұлдыз" ықшамауданындағы "Эвелина" дәмханасы өртеніп жатыр деген хабар сағат 15.21-де түскен. "Екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді, өрттің аумағы 250 шаршы метр. Бір адам құтқарылып, 5 адам эвакуацияланды. Өрт сағат 16.19-да ауыздықталды", - деді мамандар.

Видео авторы Jacky

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама