Алматыда Hyundai көлігі Сайын көшесіндегі жол айрығынан ұшып кетті

Алматыда Hyundai көлігі Сайын көшесіндегі жол айрығынан ұшып кетті © Владимир Прокопенко

Алматыда Hyundai Santa Fe көлігі Сайын көшесіндегі жол айрығынан ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 4 шілдеде таңғы 7.00-де болған.

Hyundai Santa Fe автомобилі Сайын көшесімен солтүстікке қарай жүріп келе жатқан, жол айрығына шығып, Райымбек даңғылына қарай жүремін деп, белгісіз себеппен қоршауды бұзып өтіп, құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгінінде қыз болған. Қазіргі уақытта көлікті эвакуатор алып кетті, жүргізушінің денсаулық жағдайы жайлы мәлімет жоқ.

Реклама
Реклама


© Владимир Прокопенко

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама