Алматыда ірі жол апаты болды

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда ірі жол апаты болды. Жол-к?лік о?и?асы салдарынан бірнеше жол тал?амайтын к?лік пен жолаушылар тасушы автобус б?лінді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда ірі жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше жол талғамайтын көлік пен жолаушылар тасушы автобус бүлінді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 6 ақпанда шамамен 19:00-де Сейфуллин даңғылының бойында болды. № 30 бағытында жүретін автобус жүргізушісінің мәліметінше, ол солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Мәметова көшесіне жақындаған тұста алдында келе жатқан № 20 автобус кенеттен тоқтай бастаған. Соқтығысудан қашып, ол солға бұрып, Hummer көлігіне соғысқан. 

Соққыдан Hummer жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Lexus RX300 автомобилімен бетпе-бет соғысқан. Сонымен қатар осы жол апатынан Mercedes көлігі де зардап шеккен. 

Реклама
Реклама

Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті - № 20 бағытында жүретін автобустың жүргізушісі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама