Алматыда ірі жол апаты болып, бір көлік аударылып қалды

© Асанли Таналинов

17 шілде күні таңғы уақытта Алматыда ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты Сайын көшесі мен Абай даңғылының қиылысына тақау жерде болды. Куәгерлердің мәліметінше, ақ түсті Toyota өз жолағында бір көлікпен соқтығысқаннан кейін қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Сөйтіп, ол қоршау мен тағы бір көлікті жанап өтті. Салдарынан автомобильдердің бірі аударылып қалды.

Куәгерлердің бірі Dmitry Maier бұл оқиғаның видеотіркегішке жазылып қалған видеосын YouTube желісіне жүктеді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасынан Сайын көшесінің бойында кептеліс пайда болды. 

Фото: Павел Сытников

Фото: Асанали Таналинов

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама