Алматыда ірі жол апаты қозғалысты тоқтатты

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда т?нгі уа?ытта Шы?ыс айналма жолында Т?ле би к?шесінен т?мен ба?ыт?а ?арай ірі жол-к?лік о?и?асы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.

Алматыда түнгі уақытта Шығыс айналма жолында Төле би көшесінен төмен бағытқа қарай ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Соқтығысқан көліктердің барлығы да бір бағытта кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, ақ түсті Toyota Camry маркалы автомобиль жылдамдықты асырып, оң жақтағы жолақпен қатты келе жатқан. "Жапониялық көліктің жүргізушісі Audi көлігінен озып, ары қарай тізгінге ие бола алмай, Hyundai Tucson көлігіне соқтығысқан. Қатты соққыдан көліктер сырғанап жанындағы Audi көлігі мен қызыл түсті Camry автомобилін де соққан. 

Ары қарай екі көлік жол ортасындағы қоршауды бұзған. Қатты соққыдан бетон қоршаудың бірі орнынан қозғалып кеткен. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті - Hyundai жолаушысы мен ақ түсті Camry жүргізушісі. Олар ауруханаға жеткізілді. 

Реклама
Реклама

Осы жол-көлік оқиғасына байланысты жол бөлігін полиция қоршауға алған, сол себепті Шығыс айналма жолында біршама уақыт осы бағытта жол қозғалысы тоқтап қалған. 


©  "Территория происшествий" бағдарламасы 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама