Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртенді

Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Төтенше жағдай туралы хабар кезекші пултіне 04.37-де түскен. Өрт Абылай хан 74 мекен-жайындағы супермаркетке қоса салынған кафеден шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, 05.23-те газ баллонының жарылғаны хабарланып отыр. Кафеден 9 адам құтқарылып, 56 адам қауіпсіз жерге жеткізілді, олардың алтауы - балалар. 

"Тілсіз жау 05.52-де тоқтатылып, 06.36-да ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, 800 шаршы метрді жалын шарпыған", - деп хабарлады Иманқұлов.

Реклама
Реклама


© "Территория происшествий" бағдарламасының суреттері


© Анастасия Зверягина/ vk.com

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама