Алматыда кафе-караоке жанып жатыр

©Владимир Прокопенко

Алматы қаласындағы Шевченко көшесінде, Наурызбай Батыр мен Сейфуллин көшелерінің аралығында кафе-караоке жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, кафе-караокенің төбесі жанып жатыр. Өрт сөндірушілер өрттің автожуу және мейрамхана ғимараттарына көшпеуі үшін, оның алдын алып жатыр. 

Өрт сөндіру бөлімі оқиға туралы хабарламаны Астана уақытымен 15.40-та алған. Оқиға орнына жеті өрт сөндіру машинасы, жедел жәрдем және төтенше жағдай бригадасы келді. Полиция Шевченко көшесін қоршауға алды. Алдын ала мәлімет бойынша, 300-400 шаршы метр жерді өрт шалды.

Реклама
Реклама

  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама