ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 мамыр 2014 21:18
Алматыда КамАЗ төрт автөкөлікті соғып кетті
Алматыда тежегіші істен шыққан КамАЗ төрт автокөлікті соғып кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жүк автокөлігі Сейфуллин даңғылымен солтүстікке қарай жүріп келе жатқан. Сол сәтте КамАЗ-дың тежегіші істен шығып қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп Subaru көлігін жанап өтіп, Сәтбаев көшесінен бұрылып келе жатқан Daewoo Nexia көлігін қағып, бағдаршамда тұрған Toyota Rav 4 көлігін соғып кеткен. Соңғысы соққының салдарынан Mercedes автокөлігіне соғылған.
Тілшінің ақпаратына қарағанда, Toyota Rav 4 көлігіндегі әйел, Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі және Mercedes көлігіндегі қарт жолаушы түрлі дәрежедегі жарақат алған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу