ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қыркүйек 2017 16:29
Алматыда көлік қарсы жолаққа шығып, кроссоверді соқты
Алматыда Mitsubishi Pajero Honda CR-V кроссоверімен бетпе-бет со?ысып ?алды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасында?ы "Территория происшествий" ба?дарламасыны? тілшісі.
Алматыда Mitsubishi Pajero Honda CR-V кроссоверімен бетпе-бет соғысып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылында болған.
Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Pajero батыс бағытта келе жатқан. Бірақ бір сәтте басқа көлік оның жолын кесіп кеткен. Содан Mitsubishi Pajero жүргізушісі соғысып қалмас үшін қарсы жолаққа шығып кетіп, Honda CR-V көлігімен бетпе-бет соғысып қалады.
© "Территория происшествий"
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Honda CR-V жүргізушісін көлік қысып қалып, куәгерлерге көліктің есігін сындыруға тура келгені айтылады.
© "Территория происшествий"
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу