Алматыда көпқабатты үйде болған өрттен 21 адам құтқарылды

Алматыда 21 адам к?п?абатты ?йде бол?ан ?рттен ??т?арылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ТЖД ресми ?кілі Санду?аш Байм?хамбетова?а сілтеме жасап.

Алматыда 21 адам көпқабатты үйде болған өрттен құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, сағат 20.01-де 101 пультіне Әуезов ауданындағы төрт қабатты үйдің бірінші қабатынан өрт шыққаны жайлы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 20.12-де барған. Өрттің төрт қабатты үйдің бірінші қабатындағы асүйден шыққаны белгілі болды. 

"Барлығы 21 адам құтқарылды, олардың сегізі - балалар. Сондай-ақ, 15 адам эвакуацияланды", - деді ТЖД ресми өкілі.

Реклама
Реклама

Өрт сағат 20.30-да ауыздықталып, сағат 20.47-де сөндірілді. Өрттің аумағы 15 шаршы метрді қамтыды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама