Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты Алматы қаласы, видео кадры

Алматыда көпқабатты үйдің төбесінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Шевченко мен Мұқанов көшелерінің қиылысында болған. Оқиғаның видеосы Желіде тарап жатыр. Оның кадрларынан қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді. 

Куәгерлер жарылысты естігенін хабарлап жатыр. Олардың айтуынша, жалын 9-қабаттан жоғары көтерілген.  

Жарнама
Жарнама

Қалалық ТЖД өкілдерінің алдын ала мәліметінше, Шевченко мен Мұқанов қиылысында салынып жатқан үйдің төбесінен өрт шыққан. Оқиға орнына департамент қызметкерлері аттанды.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама